Қазақстан мен Грузия Ұлттық банктері тәжірибе алмасты

Қазақстан мен Грузия Ұлттық банктері тәжірибе алмасты
https://t.me/nationalbankkz

Қазақстан Ұлттық Банкінің Тәуекелдер және комплаенс департаментінің өкілдері Грузия Ұлттық Банкінің делегациясымен кездесті. Кездесу екіжақты ынтымақтастық аясында өтті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Тараптар операциялық тәуекелдерді басқару және бизнес-процестердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етудің заманауи тәсілдерін қарастырды. Сондай-ақ тәуекелдерді анықтау, бағалау және бақылау құралдарын енгізу тәжірибесі талқыланды.

Кездесу барысында орталық банктердің ішкі бизнес-процестерін талдау, олардың тұрақты әрі үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бағытындағы тәжірибелерге де назар аударылды.

Қазақстан мен Грузия Ұлттық банктерінің өкілдері алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастырудың маңызын атап өтіп, тәуекелдерді басқару және орнықты даму салаларында тәжірибе алмасуға дайын екенін білдірді.