Қазақстан мен ICESCO ғылыми ынтымақтастықты кеңейтеді

Қазақстан мен ICESCO ғылыми ынтымақтастықты кеңейтеді
https://t.me/gylym_jogary_bilim

Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясындағы Science Summit 2026 саммитінде «Science Diplomacy and Global Cooperation» тақырыбында жоғары деңгейдегі диалог өтті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Іс-шараны ICESCO мен Қазақстанның Ғылым және жоғары білім министрлігі бірлесіп ұйымдастырды. Кездесуде ғылым мен жоғары білімді дамыту, жаңа технологияларды енгізу және халықаралық ғылыми байланысты кеңейту мәселелері талқыланды.

Қатысушылар ғылыми дипломатияның мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты нығайтудағы маңызына тоқталды. Сондай-ақ жасанды интеллект пен жаңа технологияларды дамыту, ғылыми инфрақұрылымға қолжетімділікті арттыру және зерттеу әлеуетін экономикалық әрі әлеуметтік мәселелерді шешуге бағыттау жолдары қарастырылды.

Тараптар ғылым саласындағы халықаралық әріптестікті кеңейтіп, бірлескен бастамаларды дамытуға мүдделі екенін білдірді.