Қазақстан мен Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті

Қазақстан мен Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуға ниетті
t.me/aqorda_resmi

Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Сеулге жасаған сапары үшін алғыс білдірді. Ол Қазақстан мен Корея арасындағы тарихи байланыстың маңызын атап өтті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуде Ли Чжэ Мёң Корея тарихында маңызды орын алатын генерал Хон Бом Доның сүйегін елге қайтару туралы шешімі үшін Қазақстан басшысына ризашылығын жеткізді. Сондай-ақ ол Қазақстанның депортацияланған корейлерге пана болғанын атап өтіп, қазақ халқына алғыс айтты.

Келіссөздер барысында тараптар екіжақты байланысты одан әрі дамытуға және өзара қолдауды күшейтуге дайын екенін білдірді.

Кездесу соңында мемлекет басшылары Қазақстан мен Корея Республикасының стратегиялық серіктестігін нығайтып, оны жаңа жобалар мен нақты мазмұн арқылы дамытуға ниетті екенін растады.