Қазақстан мен Қытай Ұлы Жібек жолы мұрасын бірге зерттейді

Қазақстан мен Қытай Ұлы Жібек жолы мұрасын бірге зерттейді
t.me/madenietaqparat

Қазақстан мен Қытай Ұлы Жібек жолының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және зерттеу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

«Әзірет Сұлтан» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығы мен Қытайдың Дуньхуан академиясы мәдени мұраны қорғау, зерттеу және насихаттау жөніндегі келісімге қол қойды.

Құжат Қытайдың Дуньхуан қаласында Қазақстанның Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылған «Қытай мен Орталық Азия арасындағы Ұлы Жібек жолының мәдени мұрасын қорғау» халықаралық семинары аясында рәсімделді.

Кездесу барысында тараптар тарихи және мәдени нысандарды сақтау мен қалпына келтіру, ғылыми зерттеулер жүргізу, сала мамандарын даярлау және кәсіби тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.

Келісім екі мекеме арасындағы ұзақ мерзімді әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді. Оның аясында бірлескен ғылыми және реставрациялық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ тарих және мәдениет ескерткіштерін зерттеу мен сақтау тәжірибесімен алмасу жоспарланған.