BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстан мен Моңғолия цифрлық ынтымақтастықты күшейтеді

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстанның Моңғолиядағы Елшісі Алмас Сейтақынов Моңғолияның Цифрлық даму, инновациялар және коммуникациялар министрі Номин Чинбатпен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесу барысында тараптар цифрландыру, ақпараттық технологиялар мен инновациялар саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен алдағы бағыттарын талқылады.

Негізгі назар мемлекеттік қызметтерді цифрландыру, электрондық үкіметті дамыту, жасанды интеллект технологияларын енгізу, сондай-ақ ақпараттық және киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды.

Алмас Сейтақынов Қазақстанның мемлекеттік басқаруды цифрлық трансформациялау саласындағы тәжірибесіне тоқталып, екі елдің мемлекеттік органдары, салалық ұйымдары және IT-компаниялары арасындағы байланысты күшейтуге мүдделі екенін жеткізді.

Сонымен қатар Қазақстан мен Моңғолияның IT-сектор өкілдері арасында тікелей байланыс орнатып, бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Кездесу қорытындысында тараптар жұмыс байланыстарын нығайтып, өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға уағдаласты.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары