BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстан мен Непал визалық талаптарды жеңілдетті

Дана Зарылханқызы
Gov.kz
Бөлісу Telegram

Нью-Йоркте өтіп жатқан БҰҰ Бас Ассамблеясының 81-сессиясы аясында Қазақстан мен Непал дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерін визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Құжатқа Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді мен Непалдың Сыртқы істер министрі Шисир Ханал қол қойды.

Келісім екі мемлекеттің дипломатиялық және қызметтік/ресми паспорт иелерінің Қазақстан мен Непалға сапарлау тәртібін жеңілдетуді көздейді.

Сонымен қатар құжат екіжақты ынтымақтастықты дамытуға, оның ішінде саяси диалог пен сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға бағытталған.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары