BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстан мен Сингапур әуежай инфрақұрылымын дамыту мәселесін талқылады

Gov.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстан мен Сингапур әуежай инфрақұрылымын дамыту, инвестиция тарту және экономикалық байланысты кеңейту бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниетті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

13 қазанда Астанада Қазақстанның Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапурдың Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевпен кездесті.

Кездесуде екі ел арасындағы әріптестікті дамыту жолдары мен Құрметті консулдықтың алдағы жұмысы сөз болды. Тараптар бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктеріне де тоқталды.

Әсіресе Сингапурдың Changi Airports International компаниясын Қазақстандағы әуежайларды салу және жаңғырту жобаларына стратегиялық серіктес ретінде тарту мәселесіне баса назар аударылды.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, өзара инвестиция көлемін арттыру және жаңа жобаларды іске асыру мүмкіндіктерін талқылады.

Кездесу қорытындысында тараптар Қазақстан мен Сингапур арасындағы экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары