BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Қазақстанда 2026 жылғы жаз ең ыстық маусым ретінде тіркелді

Дана Зарылханқызы
Canva
Бөлісу Telegram

2026 жылдың жазы Қазақстандағы метеобақылау тарихындағы ең ыстық маусым болды. Бұл туралы «Қазгидромет» мамандарының жазғы кезеңге жүргізген жедел мониторингінде айтылды, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, жаз айларында елдің басым бөлігінде ауа температурасы климаттық көрсеткіштен жоғары болған. Маусым бойынша орташа температура климаттық нормадан 2,15 градусқа жоғары тіркелді.

Температураның ең жоғары оң ауытқуы Ақмола облысының шығысында, Қарағанды облысында, Павлодар облысында, Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде және Абай облысында байқалды.

Қарағанды облысындағы Бес-Оба метеостанциясында температураның климаттық нормадан ең жоғары ауытқуы +4 градусқа жетті.

Сонымен қатар биыл жазда жауын-шашын мөлшері де климаттық нормадан төмен болды. Ел бойынша жазғы маусымда түскен жауын-шашын көлемі қалыпты көрсеткіштен 7,12 миллиметрге аз тіркелді.

«Қазгидромет» дерегіне сәйкес, жауын-шашын Қазақстан аумағында біркелкі түспеген. Мамандар жазғы кезеңді температураның жоғары болуымен және жауын-шашынның аумақ бойынша әркелкі таралуымен сипаттайды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары