Қазақстанда 2027 жылға дейін 140-тан астам қонақүй мен демалыс орны салынады
Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін 141 жаңа орналастыру нысанын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында елде қонақүйлер, мотельдер мен демалыс пансионаттарын қоса алғанда, 2 625 орналастыру орны жұмыс істеген.
Ведомство мәліметінше, туристерге Щучье-Бурабай курорттық аймағы, Маңғыстау мен Түркістанның туристік аумақтары және Алтай курорттық аймағында түрлі демалыс орындары ұсынылады.
Жергілікті атқарушы органдардың ақпаратына сәйкес, 2027 жылдың соңына дейін 141 жаңа нысанды іске қосу көзделген. Олардың қатарында қонақүйлер, нөмірлері бар жол бойындағы кешендер, демалыс базалары мен санаторийлер бар.
Жоспарланған жобалардың 48-і тікелей қонақүй салуға бағытталған.
Жаңа нысандардың іске қосылуы Қазақстандағы туристерді орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.