Қазақстанда алтынның бір грамы қанша тұрады?

Қазақстанда алтынның бір грамы қанша тұрады?
Canva

Қазақстанда қыркүйек айының басынан бері алтын бағасы төмендеді. Ұлттық банктің мәліметінше, бір грамм алтынның құны 61 421,82 теңге болды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

1 қыркүйекте алтынның бір грамы 68 402,34 теңге тұрған. Осылайша, ай басынан бері бағасы 6 980,52 теңгеге арзандаған.

Алтынның әлемдік нарықтағы бағасы да төмендеп отыр. 16 қыркүйекте спот бағасы 1,2%-ға түсіп, бір троя унциясы 4 240,1 долларды құрады. Сауда барысында баға 1%-дан астам өсіп, 4 365,57 долларға дейін жеткен еді.

Алтын бағасының төмендеуіне АҚШ Федералдық резерв жүйесінің пайыздық мөлшерлеме бойынша шешімі әсер етті. ФРЖ мөлшерлемені көтеріп, алдағы айларда ақша-несие саясатын одан әрі қатаңдатуы мүмкін екенін мәлімдеді. Осыдан кейін доллар нығайып, бағалы металлға қысым күшейді.

Бұған дейін, тамыз айында, алтын бағасы соңғы 25 жылдағы ең жоғары айлық өсімдердің бірін көрсетті. Дүниежүзілік алтын кеңесінің дерегінше, бір ай ішінде оның құны 13%-ға өсіп, тамыздың соңында бір унциясы 4 563 долларға жеткен. Бұл соңғы ширек ғасырдағы айлық өсім бойынша үшінші жоғары көрсеткіш болды.

Тамыздағы қымбаттауға негізінен алтынға негізделген биржалық қорларға (ETF) инвестицияның артуы ықпал етті. Бір айда еуропалық алтын ETF-терге 7,9 млрд доллар, Солтүстік Америка қорларына 7,8 млрд доллар, ал Азиядағы қорларға 2 млрд доллар қаражат тартылған.