Қазақстанда бензин мен дизель отыны қанша тұрады?
12 қазанда Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы жанармай бағасы белгілі болды. Бензин, дизель отыны мен автогаздың құны қалаға және жанармай құю бекетіне байланысты әртүрлі, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
12 қазандағы мәлімет бойынша, АИ-92 маркалы бензиннің бір литрі Астанада 250–253 теңге, Алматыда 250–255 теңге, ал Шымкентте 234–241 теңге аралығында сатылып жатыр.
АИ-95 бензинінің бағасы елордада 315–321 теңге болса, Алматыда 320–329 теңгеге жеткен. Шымкентте жанармайдың бұл түрі 304–305 теңгеден ұсынылады.
Ал АИ-98 маркалы бензин Астанада 355–365 теңге, Алматыда 360–380 теңге, Шымкентте 345–350 теңге тұрады.
Дизель отынының бір литрі Астанада 340–343 теңгеден, Алматыда 348–351 теңгеден, Шымкентте 340–349 теңгеден сатылуда.
Автогаз бағасы Астана мен Алматыда бірдей – литрі 112 теңге. Ал Шымкентте газдың бір литрі 102 теңге тұрады.
Осылайша, үш мегаполистің ішінде АИ-92, АИ-95 және АИ-98 бензиндерінің ең төмен бағасы Шымкентте тіркелген. Ал Алматыда бензин мен дизель отынының бағасы басқа екі қалаға қарағанда жоғары.
Айта кетейік, көрсетілген бағалар 12 қазандағы жағдайды сипаттайды. Жанармай құны әр бекетте әртүрлі болуы мүмкін.