BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Қазақстанда мыңға жуық оқушы лингвистика олимпиадасына қатысуда

https://t.me/oqu_agartu
Бөлісу Telegram

Еліміздің барлық өңірінде 8–11(12)-сынып оқушылары арасында лингвистика пәнінен республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі өтіп жатыр. Білім сайысына мыңға жуық оқушы қатысуда, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Олимпиаданың екінші кезеңіне аудандық және қалалық іріктеулерде үздік нәтиже көрсеткен оқушылар жолдама алған. Ал алғашқы кезеңде еліміз бойынша 9 мың оқушы өз білімін сынаған.

Зияткерлік жарыс жасөспірімдердің логикалық ойлауын жетілдіруге, ақпаратты талдау қабілетін дамытуға және тілдер арасындағы заңдылықтарды анықтау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

Сайыс барысында қатысушылар тілдердің құрылымдық ерекшеліктерін зерттеп, түрлі тілдік құбылыстарды салыстырады. Сондай-ақ логикалық пайымдауды қажет ететін күрделі тапсырмаларды орындап, қалыптан тыс мәселелердің шешімін табуға тырысады.

Облыстық кезеңнің нәтижесінде ең жоғары ұпай жинаған оқушылар анықталып, республикалық олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болады.

Білім додасының қорытынды кезеңі 2026 жылғы 30 қарашада ұйымдастырылады. Оған әр өңір мен ұйым атынан облыстық кезеңде үздік нәтиже көрсеткен үш оқушыдан құралған командалар қатысады.

Республикалық сайыста қатысушылар лингвистикалық білімін, логикалық ойлау шеберлігін және күрделі тапсырмаларды шешу қабілетін көрсетеді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары