BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Қазақстанда оппозиция пайда болды

BS News
Фото: quryltai.kz
Бөлісу Telegram

Құрылтайда оппозиция пайда болды, деп хабарлайды Baspasoz.kz. Бұл туралы 10-шы қыркүйекте қабылданған құрылтайдың регламентінде айтылады.

Сонымен қатар Регламентте Құрылтайдағы көпшілік пен оппозицияның мәртебесі айқындалады. Оппозиция әр сессияда кемінде бір рет тыңдау өткізуге бастамашылық жасауға және кемінде екі рет Үкімет сағатының күн тәртібін айқындауға құқылы. Сондай-ақ тұрақты комитеттердің басшылығында оппозиция өкілдерінің болуы көзделген, - деді құрылтай регламентін таныстырған депутат Снежанна Имашева.

Құрылтайда оппозицияның айқындалуына саясаттанушы, дипломат Қазбек Бейсебаев таңданысын жасыра алмай, facebook парақшасында жазба жариялады.

Құрылтай регламентінде оппозицияның мәртебесі бекітіліп, оған «Ауыл», Respublica, «Ақ жол» және ЖСДП партиялары кіргені белгілі болды.

Мұны қалай қабылдау керек? Күлу керек пе, әлде қынжылу керек пе?!

Өйткені осы партиялардың бір бөлігі бұрынғы «AMANAT» партиясы бастамасымен құрылған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты жалпыұлттық коалицияның құрамында болған.

Енді сол партиялардың оппозиция мәртебесіне ие болуы сұрақ туғызады.

Оппозицияның басты өлшемі - атауы немесе регламенттегі мәртебесі емес, билікке қатысты ұстанымы мен қоғам үшін даулы мәселелерде өз позициясын ашық білдіре алуы.

Ал уақыт белдеуі секілді қоғамда кең талқыланған мәселелердің өзінде нақты әрі дербес ұстаным таныту қиын болса, онда онда бұл қандай оппозиция?

Шынында да, біз саяси терминдердің мағынасы да өзгеше қабылданатын қызық кезеңде өмір сүріп жатырмыз, - деп жазады Қ.Бейсебаев.

BS News
Автордың басқа материалдары