Қазақстандағы такси жүргізушілері яндекс таксидің әділетсіз комиссиясына қарсы петиция жариялады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
gosrating платформасында жарияланған петиция талабы төмендегідей:
Біз, төменде қол қоюшылар, Қазақстан Республикасының аумағындағы «Яндекс Такси» агрегаторының тарифтік саясатын комиссиялық алымды айтарлықтай төмендету бағытында қайта қарауды талап етеміз. Қазіргі комиссияның 18–20% деңгейі экономикалық тұрғыдан негізсіз және қазақстандық жүргізушілерді компания жұмыс істейтін басқа елдердегі жүргізушілермен салыстырғанда қолайсыз жағдайға қояды.
Негіздеме
Әділетсіз комиссия мөлшерлемесі. Қазақстанда комиссия 18–20 пайыз деңгейінде белгіленсе, көрші Өзбекстанда бұл көрсеткіш небәрі 13 пайызды құрайды. Бұл теңгерімсіздіктің объективті экономикалық себептері жоқ.
Монополиялық жағдай. Яндекс Такси Қазақстан нарығында басым орынға ие, ірі қалалардағы нарықтың 90%-ға дейінін бақылайды, бұл жүргізушілерді баламадан айырады және оларды кез келген шарттарды қабылдауға мәжбүр етеді. Бұл платформа арқылы 200 мыңға жуық қазақстандық жүргізушілер жұмыс істейді.
Экономикалық егемендік. Қазақстандық жүргізушілердің тапқан табысының 20%-ға жуығы шетел бюджетіне комиссия ретінде түседі, бұл ұлттық экономикаға зиянын тигізіп, мыңдаған отбасының әлеуметтік тұрақтылығына қауіп төндіреді.
Талаптар
Такси агрегаторлары үшін комиссияның максималды сомасы Өзбекстандағыдай 13%-дан аспайтын деңгейде заңмен бекітілді.
«Яндекс Такси» компаниясына Қазақстан мен басқа елдер үшін тарифтердегі айырмашылықты жария түрде негіздеуге міндеттелсін.
Бас тартылған жағдайда монополияға қарсы тергеп-тексеруді бастау және агрегаторлық қызметтерге бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу.
Қорытынды
Сізден қазақстандық жүргізушілер мен жолаушылардың құқықтарын халықаралық монополистің негізсіз төлемдерінен қорғауыңызды сұраймыз. Комиссияны көршілес елдердің деңгейіне дейін төмендету – мемлекеттің әлеуметтік әділеттілігі мен экономикалық қауіпсіздігі мәселесі.