BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

Қазақстандық бессайысшылар Азия ойындарының финалына жолдама алды

Дана Зарылханқызы
https://t.me/DRSQazaqstan
Бөлісу Telegram

Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында қазіргі бессайыстан әйелдер арасындағы жартылай финал аяқталды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Қазақстан құрамасы жарыстың екінші күнінде семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run кезеңдерінде бақ сынады.

Нәтижесінде Аяна Қазбекова 1363 ұпай жинап, өз тобында бесінші орын алды. Диана Щедрова да 1356 ұпаймен бесінші болып, финалға шықты.

Ал Юлиана Петрова 1345 ұпай жинап, тоғызыншы нәтиже көрсетті. Ол да жарыстың шешуші кезеңіне жолдама алды.

Әйелдер арасындағы бессайыс финалы 20 қыркүйекте өтеді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары