Қазан айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін қазақстандықтар 10 күн демалады. Ал алты күндік жұмыс кестесі бойынша жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндерінің саны алты күн болады, деп Baspasoz.kz тілшісі Malim.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Биыл 25 қазан - Республика күні жексенбіге сәйкес келеді. Мерекелік демалыс күнінің бір бөлігі бес күндік жұмыс аптасындағылар үшін келесі күнге, яғни 26 қазанға ауыстырылады.
Осыған байланысты бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 24, 25 және 26 қазанда қатарынан үш күн демалады.
Алты күндік жұмыс аптасында еңбек ететіндер үшін 24 және 25 қазан демалыс күндері болады. Жалпы алғанда, қазан айында бұл санаттағы азаматтар алты күн демалады.