Қазақстанның ақылы жолдарында жазда 25,8 млн рет көлік жүрд

Қазақстанның ақылы жолдарында жазда 25,8 млн рет көлік жүрд
Canva

Қазақстандағы ақылы жолдардың 28 учаскесінде жаз айларында 25,8 млн көлік қозғалысы тіркелді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Маусым-тамыз аралығында ақылы учаскелермен тәулігіне орта есеппен 281 мыңға жуық көлік жүрген.

Ең көп көлік Алматы – Қонаев бағытына тиесілі. Бұл жолда жаз бойы 4,3 млн-нан астам көлік қозғалысы тіркелген.

Одан кейінгі орындарда Шымкент – Өзбекстан шекарасы бағыты – 2,68 млн және Шымкент – Тараз трассасы – 1,87 млн көлікпен тұр.

Туристер жиі баратын бағыттарда да көлік ағыны жоғары болған. Олардың қатарында Астана – Щучинск және Қарағанды – Балқаш бағыттары бар.