BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Кейбір жазушылар қалада тұратын жастарды "асфальт қазағы" немесе "шала қазақ" бөлетін болды – Тоқаев

Ақбарыс Жолшыбай
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда
Бөлісу Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында сөйлеген сөзінде жазушыларды қала өмірі мен урбанизация тақырыбына көбірек көңіл бөлуге шақырды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мемлекет басшысы ауылдың қазақ қоғамындағы орны ерекше екенін атап өтіп, сонымен бірге қазіргі кезеңде қала мәдениеті мен урбанизация үдерісін де ескерудің маңызына тоқталды.

"Біз ауыл туралы көп айтамыз. "Ауыл – халқымыздың алтын бесігі" деп әрбір жиында айтып жүреміз. Расында, бұл – дұрыс. Бірақ қазіргі заманда бұл сөзді қайта-қайта айта берудің қажеті бар ма? 

Бәрімізге белгілі, дүние жүзінде "урбанизация" атты жаһандық үрдіс болып жатыр. Бүгінде өмірдің қызығы – қалада. Бұл да – шындық. Қазірдің өзінде біз қалада жиналып отырмыз. Сондықтан алдымызда тұрған маңызды әрі өзекті міндет: қала өркениетін дәріптеуіміз керек. Бұл істе өркениеттің озық талаптарына сай болуымыз қажет. 

Кейбір жазушылар қалада тұрып жатқан жастарды екіге бөлетін болды: біріншісі – қалаларда тұрып жатқан "асфальт қазағы" немесе "шала қазақ", екіншісі – нағыз ауыл қазақтары. Бұл – дұрыс емес. Қазіргі таңда қалаларда өмір сүріп жатқан жастарымыз қазақ мектептерінде қазақ тілінде сапалы білім алуда. Сондықтан біртұтас халқымызды екіге бөлуді доғаруымыз керек. Мұндай әрекетті жасаудың ешқандай қажеті де, оған ешкімнің хақы да жоқ. Осыған байланысты таяуда Мәдениет және ақпарат министрлігіне тапсырма бердім. Жазушылар арасында қала тақырыбына арналған әдеби сайыстар өткізуіміз керек. Бұл халқымызға, әсіресе, жастарымызға керек дүние болмақ", – деді Тоқаев.
 

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары