Құрылтай алдағы отырыстың күн тәртібін белгіледі

Құрылтай алдағы отырыстың күн тәртібін белгіледі
t.me/quryltairesmi

Құрылтай Бюросының отырысында алдағы жалпы отырыста қаралатын мәселелер айқындалды. Жиынға Құрылтай спикері Айбек Дәдебай төрағалық етті, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
 

Алдағы отырыста депутаттар бірқатар заң жобасын бірінші оқылымда қарамақ. Олардың қатарында Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы қызмет көрсету саласына қатысты міндеттемелер тізіміне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау туралы құжат және Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау жөніндегі заң жобасы бар.

Бюро отырысында Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру, Парламентаризм институтымен өзара іс-қимыл орнату және Қоғамдық қабылдау бөлмесін ашу мәселелері де талқыланды.

Сонымен қатар тұрақты комитеттердің төрағалары Парламент Мәжілісінен келіп түскен заң жобаларын таныстырды. Құжаттар денсаулық сақтау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, ветеринария, заң шығару процесін жетілдіру және басқа да салаларды қамтиды.

Ұсынылған заң жобалары бойынша қорытындыларды дайындау мерзімдері белгіленді.