Құрылтай депутаттары екі халықаралық келісімді қарайды
23 қыркүйек күні сағат 10:00-де Құрылтай отырысы өтеді. Жиында депутаттар ратификациялауға қатысты екі заң жобасын талқылайды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Олар – Қазақстан Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісім және Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы еуропалық конвенция.
Отырыстың тікелей көрсетілімі Құрылтайдың ресми сайты мен YouTube арнасында, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly телеарналарында қолжетімді болады.
Жиын аяқталғаннан кейін Қазақстан Үкіметі мен Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкі арасындағы әріптестік туралы негіздемелік келісімді ратификациялау мәселесіне арналған брифинг өткізу жоспарланған.
БАҚ өкілдерінің сауалдарына Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин, жұмыс тобының жетекшісі, Құрылтай депутаты Қайрат Айтуғанов және депутат Гүлназ Атамқұлова жауап береді.