BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Құрылтайда ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Дана Зарылханқызы
Quryltai.kz
Бөлісу Telegram

18 қыркүйекте Астанада Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисінің басшысы Алексей Роговпен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуде заң шығару саласындағы қазіргі ынтымақтастық пен оны одан әрі дамыту жолдары сөз болды. Тараптар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, трансшекаралық қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимыл, қоршаған ортаны қорғау және адами өлшем мәселелеріне назар аударды.

Дана Медеуова Қазақстан Құрылтайы үшін ЕҚЫҰ және оның институттарымен өзара іс-қимылды дамытудың маңызды екенін атап өтті. Оның айтуынша, тараптардың серіктестігі қауіпсіз қоғамдастық құруға бағытталған ортақ ұстанымға негізделеді. Сонымен қатар ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы аясындағы байланысты күшейтуге ниет бар.

Өз кезегінде Алексей Рогов ЕҚЫҰ-ның Астанадағы Бағдарламалар офисі Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтты. Ол бірлескен жобаларды жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар өзара қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша диалогты жалғастыруға келісті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары