BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Құрылтайда Қоғамдық қабылдау ашылды

Дана Зарылханқызы
Quryltai.kz
Бөлісу Telegram

Құрылтайда азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын қабылдауға арналған Қоғамдық қабылдау жұмысын бастады. Бұл туралы Бюро отырысында шешім қабылданды. Жиынға Құрылтай Спикері Айбек Дәдебай төрағалық етті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Құрылтай Төрағасының орынбасары Динара Закиеваның айтуынша, жаңа алаңның негізгі мақсаты – азаматтармен тікелей байланыс орнатып, олардың мәселелері мен ұсыныстарын қарау.

Құрылтай басшылығының тапсырмасымен депутаттардың азаматтарды қабылдау тәртібі әзірленді. Қабылдау кестесі барлық фракциялар мен комитеттермен келісіліп, Құрылтайдың ресми сайтында жарияланды.

Қоғамдық қабылдаудың жұмысын үйлестіру Константин Авершин, Айжан Аймағанова және Шолпан Кариноваға жүктелмек.

Азаматтар Құрылтай депутатына қабылдауға бірнеше жолмен жазыла алады. Ол үшін ресми сайт арқылы электронды өтініш жіберуге, жазбаша немесе тікелей өтініш беруге, сондай-ақ ауызша түрде жүгінуге болады.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары