BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Құрылтайда UNFPA-мен бірлескен жұмыстың негізгі бағыттары қаралды

Дана Зарылханқызы
t.me/quryltairesmi
Бөлісу Telegram

Құрылтай депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі Дана Медеуова БҰҰ-ның Халықтың қоныстануы саласындағы қорының (UNFPA) Қазақстан, Қырғызстан және Түрікменстан бойынша өңірлік бөлімшесінің басшысы Чинве Огбоннамен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Жиынға Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазанов пен Қазақстандық қоғамдық даму институтының басқарма төрағасы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Жұлдызай Ысқақова да қатысты.

Кездесу барысында Қазақстан мен UNFPA арасындағы әріптестіктің басым бағыттары сөз болды. Атап айтқанда, демографиялық ахуалды жақсарту, репродуктивті денсаулықты қорғау, гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқықтарын сақтау және олардың қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуына жағдай жасау мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар «Әйелдер, бейбітшілік және қауіпсіздік» күн тәртібін жүзеге асыру, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның жолын кесу шараларына назар аударылды.

Кездесу соңында тараптар өзара диалогты жалғастыруға уағдаласты. Сондай-ақ әйелдердің құқықтарын қорғау мен гендерлік теңдікті нығайтуға бағытталған заңнамалық жұмыстар аясындағы бірлескен жобаларды одан әрі дамытуға ниет білдірді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары