Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттері 25 қыркүйекте жұмыс істемейді

Қытаймен шекарадағы автокөлік өткізу бекеттері 25 қыркүйекте жұмыс істемейді
ЖИ арқылы жасалған

Қазақстан мен Қытай арасындағы автомобиль өткізу бекеттері 25 қыркүйекте жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, Қытайда атап өтілетін «Күз ортасы мерекесіне» байланысты аталған күні қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы азаматтар, көлік құралдары мен жүктер өткізілмейді.

Ал теміржол өткізу бекеттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.

Мемлекеттік кірістер комитеті шекарадан өтуді жоспарлаған азаматтар мен тасымалдаушыларды осы шектеуді ескеріп, сапар бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Бұған дейін 15 қыркүйекте Қазақстан мен Ресей шекарасында шамамен 160 жүк көлігі жиналып қалғаны хабарланған еді.