Қызылорда облысында учаскелік полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Қызылорда облысында учаскелік полицейді өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды
Canva

Қызылорда облысында учаскелік полиция инспекторын өлтірді деген күдікпен 39 жастағы ер адам ұсталды. Ол сот санкциясымен қамауға алынғаны жайлы облыстық полиция департаменті мәлімдеме жасады, деп Baspasoz.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Күдікті Арал ауданының тұрғыны болып шықты.

Оқиғаға қатысты ақпарат 1 қыркүйек күні әлеуметтік желілерде тараған. Жеке тұрғын үйдің ауласындағы гараждан 1988 жылы туған полиция қызметкерінің мәйіті табылған. Оның денесінен зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

Полицияның мәліметінше, қайғылы жағдай Арал ауданында тұрмыстық жанжал кезінде болған. Учаскелік инспектор алған дене жарақаттарынан көз жұмған. Оқиға кезінде полиция қызметкері еңбек демалысында болған.

Күдікті әлеуметтік желілерде тараған ақпараттан кейін іздеуге жарияланған.

Қазіргі таңда қылмыстық істің тергелу барысы облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Тергеу мүддесіне байланысты істің өзге де мән-жайлары жарияланбайды.