Мәскеуде Айдар Ақаевтың жерленген орны көрсетілді
Мәскеудегі Троекуров зиратынан Қырғызстанның тұңғыш президенті Асқар Ақаевтың ұлы Айдар Ақаевтың жерленген орны көрсетілді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Зиратта түсірілген видеоны танымал адамдардың қабірлері туралы материалдар жариялайтын блогер Наиль Валиев әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен.
Оның айтуынша, Айдар Ақаевтың қабіріне бесік пішінінде ерекше ескерткіш орнатылған. Жерленген орын Троекуров зиратының мұсылмандарға арналған бөлігінде орналасқан.
Айдар Ақаев 1998 жылы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаеваға үйленген. Олардың некесі шамамен үш жылға созылып, 2001 жылы аяқталған.
Кейін Айдар Ақаев қырғызстандық тележүргізуші Сайкал Чокубаевамен шаңырақ көтерген.
Айдар Ақаев 2020 жылғы 5 ақпанда Мәскеуде қайтыс болды. БАҚ-та тараған мәліметтерде оның өліміне жүрек талмасы себеп болғаны айтылған.