BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Президент алғашқы Орталық Азия – Корея саммитін тарихи оқиға деп атады

Дана Зарылханқызы
t.me/aqorda_resmi
Бөлісу Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңге алғашқы «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мемлекет басшысы бұл диалогтың басталғанына жиырма жылға жуық уақыт болғанын атап өтті. Оның айтуынша, бастапқыда Корея тарапы ұсынған ынтымақтастық бүгінде жоғары саяси деңгейге көтеріліп, стратегиялық серіктестік пен өзара сенімге негізделген байланысқа айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі саммитті тарихи оқиға ретінде бағалап, оның өтуіне Президент Ли Чжэ Мёңнің саяси ерік-жігері мен жеке үлесі айрықша болғанын атап өтті. Президент Корея Республикасының Орталық Азия елдерімен тең құқылы әрі ұзақ мерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының корей халқына, оның тарихы, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарайтынын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяның қысқа уақыт ішінде жетекші технологиялық державалардың қатарына қосылғанын атап өтті. Оның пікірінше, бұған білімге, инновацияға және адам капиталына басымдық беру, сондай-ақ еңбекқорлық, тәртіп пен табандылық ықпал етті.

Президент қазақ халқы Кореяның жетістіктерін жоғары бағалайтынын айтты.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары