Президентке Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобалары таныстырылды

Президентке Қазақстан мен Оңтүстік Кореяның бірлескен жобалары таныстырылды
t.me/aqorda_resmi

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан мен Корея Республикасының бірлесіп жүзеге асыратын инвестициялық жобалары таныстырылды. Бастамалар экономиканың бірнеше саласын қамтиды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Жобалардың бірі Алматыда автокөлік бөлшектерін өндіретін кәсіпорын ашуды көздейді. Кәсіпорында отандық автозауыттарға қажетті бәсеңдеткіштер, орындық қаптамалары, еден жабындары, сымдар будасы және дөңгелек дискілері шығарылмақ.

Сондай-ақ Қостанайда KIA компаниясының Локализация орталығын іске қосу жоспары таныстырылды. Мұнда автомобильдердің есік панельдері, орталық консольдері, орындықтары, төбе және еден қаптамалары, бамперлері мен өзге де бөлшектері өндірілетін болады.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына ультрадыбыстық диагностика жүйелерін шығару жобасы көрсетілді. Алматыда корейлік басқару тәжірибесі мен заманауи медициналық технологияларды қолданатын көпбейінді аурухана салу және дрондар құрастыру жобалары да таныстырылды.