Рамиль Мухоряпов FlyArystan-ның тәуелсіз директоры болды

Рамиль Мухоряпов FlyArystan-ның тәуелсіз директоры болды
фото: tengrinews.kz

Chocofamily компаниясының негізін қалаушы әрі оның тең иесі Рамиль Мухоряпов FlyArystan әуе компаниясының директорлар кеңесіне тәуелсіз директор ретінде қайта сайланды.

Оның өкілеттік мерзімі үш жыл - 2026 жылғы 11 қазаннан 2029 жылғы 10 қазанға дейін. 

Мұндай шешімді FlyArystan компаниясының жалғыз акционері — «Эйр Астана» АҚ қабылдады. Мухоряпов үшін тәуелсіз директор ретіндегі жұмысына сыйақы мен өтемақы төлеу мөлшері мен шарттары жеке бекітілді. Бұл туралы "Ручноя экономика" сайты жазады.