Санжар Әділов ММА-дан Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Қазақстандық спортшы Санжар Әділов Жапонияның Айти–Нагоя қалаларында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында ММА-дан қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Әділов аралас жекпе-жектің дәстүрлі стилі бойынша 65 келіге дейінгі салмақта жүлдеге қол жеткізді.
Бұл – Азия ойындары тарихындағы ММА бойынша алғашқы жарыс. Аралас жекпе-жек спорттың осы жылғы құрлықтық дода бағдарламасына тұңғыш рет енгізілді. Осылайша, Санжар Әділов Қазақстанға ММА-дан Азия ойындарындағы алғашқы медальдардың бірін әкелді.
Айти–Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 19 қыркүйекте басталып, 4 қазанға дейін жалғасады.-