Семей қаласындағы Электротехника колледжінің студенті Руслан Нестеренко WorldSkills Shanghai 2026 кәсіби шеберлік бойынша 48-ші әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Ол «Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» құзыреттілігі бойынша үздік үштікке енді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Чемпионат қорытындысында Қазақстан құрамасы сегіз жүлдеге қол жеткізді. Ұлттық құрама қоржынына жалғыз қола медальді Абай облысының студенті салды. Бұдан бөлек, қазақстандық қатысушылар кәсіби шеберлігі үшін алты медаль және «Best of Nation» арнайы марапатын иеленді.
«Ұшқышсыз авиациялық жүйелер» бағыты биыл әлем чемпионатының бағдарламасына алғаш рет енгізілді. Сайыс барысында қатысушылар дрондарды құрастырып, ұшу контроллерлерін бағдарламалады, сенсорларды баптап, аппараттарды жоғары дәлдікпен басқару бойынша тапсырмаларды орындады.
WorldSkills Shanghai 2026 чемпионатында Қазақстан атынан еліміздің колледждерінде білім алатын 33 студент сынға түсті. Олар 31 бағыт бойынша кәсіби шеберліктерін көрсетті.