Теңге нығайды: доллар бағамы 447,85 теңгеге түсті
Қазақстан қор биржасында (KASE) шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп Baspasoz.kz тілшісі Kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 447,85 теңге болды. Осылайша, АҚШ валютасы 0,66 теңгеге арзандады. Ұлттық банк 22 қыркүйекке доллардың ресми бағамын 448,44 теңге деп белгіледі.
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 444,05 теңгеден өткізіп, 451,05 теңгеден сатып алуға болады. Еуроны сату бағасы – 508,10 теңге, сатып алу бағасы – 518,10 теңге. Ресей рублін 4,97 теңгеден өткізіп, 5,17 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда долларды орта есеппен 446,68 теңгеден өткізіп, 448,49 теңгеден сатып алады. Еуроның сату бағасы – 509,64 теңге, сатып алу бағасы – 514,55 теңге. Рубльді 5,02 теңгеден өткізуге, 5,14 теңгеден сатып алуға болады.
Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында долларды орта есеппен 447,22 теңгеден өткізіп, 449,32 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 512,36 теңгеден қабылданып, 516,56 теңгеден сатылып жатыр. Ресей рублінің сату бағасы – 5,05 теңге, сатып алу бағасы – 5,12 теңге.
Айта кетейік, 21 қыркүйектегі күндізгі сауда қорытындысында доллардың орташа бағамы 448,44 теңге болған. Ол кезде АҚШ валютасы 1,36 теңгеге қымбаттаған еді.