Тимур Сүлейменов халықаралық олимпиада жеңімпаздарымен кездесті
Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов экономика бойынша IEO және EO халықаралық олимпиадаларында жүлде алған қазақстандық оқушылармен және жарысты ұйымдастырушылармен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кездесу барысында Ұлттық Банк басшысы оқушыларды Қытай мен Грекияда өткен халықаралық білім сайыстарындағы жоғары нәтижелерімен құттықтады.
Тараптар ұлттық құрамаларды халықаралық экономикалық олимпиадаларға даярлау және еліміздегі олимпиадалық қозғалысты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.
Сондай-ақ Тимур Сүлейменов жастарға Ұлттық Банкте ұсынылатын мүмкіндіктер туралы айтты. Олардың қатарында ғылыми тағылымдамалар мен мамандандырылған магистрлік бағдарламалар бар.
Ұлттық Банк экономикалық олимпиадаларға қатысатын ұлттық құрамаларды даярлауға алдағы уақытта да қолдау көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.