BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев Абу-Даби Тақ мұрагерімен кездесті

Дана Зарылханқызы
t.me/aqorda_resmi
Бөлісу Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XVIII БРИКС саммиті аясында Абу-Даби Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянмен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Кездесуде Мемлекет басшысы Тақ мұрагерінің Астанаға жасаған сапарының маңызын атап өтті. Сапар барысында Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды құжатқа қол қойылған.

«Өзара ынтымақтастығымыз көптеген саланы қамтиды. Алдағы уақытта да бірлескен жобаларды жүзеге асырып, екіжақты байланыстарды одан әрі дамытуға күш саламыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тараптар энергетика, көлік-логистика, ақпараттық технологиялар және ауыл шаруашылығы салаларындағы инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын талқылады. Президенттің айтуынша, бұл бастамалар екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтып, сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен БАӘ арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Наһаянға жылы лебізін жеткізіп, оны Қазақстанға сапармен келуге шақырды.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары