Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммиті аясында АҚШ Президентінің Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі арнайы өкілі Серджио Горды қабылдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Кездесу барысында Серджио Гор Мемлекет басшысына Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай АҚШ Президенті Дональд Трамп жолдаған құттықтау хатын табыстады.
Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ Президентіне құттықтауы үшін алғыс білдіріп, Дональд Трампты Қазақстанға ресми сапармен келуге шақыратынын растады.
Мемлекет басшысы Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, екі ел арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі кеңейтіп, нақты жобалармен толықтыру маңызды.
– Қазір Майамиде өтетін G20 саммитіне қатысуға дайындалып жатырмын. Бұл екіжақты күн тәртібіндегі маңызды мәселелерді талқылауға жақсы мүмкіндік болады деп ойлаймын. Өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуда сөзден нақты іске көшуді жөн көреміз, – деді Президент.