Тоқаев БРИКС саммиті аясында бірқатар елдің өкілдерімен кездесті
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өтіп жатқан БРИКС саммиті барысында мемлекет және халықаралық ұйымдар өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен, Малайзия Премьер-министрі Ануар Ибрагиммен, Вьетнам Премьер-министрі Ле Минь Хынгпен, Бурунди Президенті Эварист Ндайишимийемен және БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерришпен пікір алмасты.
Сондай-ақ Президент Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесуспен, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеаламен және Таиланд Премьер-министрінің орынбасары Сихасак Пуангкеткеомен сөйлесті.
Әңгімелер кезінде Қазақстанның аталған мемлекеттермен байланысын нығайту және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимылды кеңейту мәселелері қаралды.