BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев БРИКС саммитін жоғары деңгейде өткізген Үндістанға алғыс айтты

Дана Зарылханқызы
t.me/aqorda_resmi
Бөлісу Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС саммитін жоғары деңгейде ұйымдастырып, қонақжайлық танытқаны үшін Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге алғыс білдірді, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мемлекет басшысы жиынның Нью-Дели қаласында өтуінің символдық мәні бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, қазіргі таңда адамзаттың мүддесін бірінші орынға қоятын және халықтардың әл-ауқатына бағытталған күн тәртібі ерекше маңызды.

Президент БРИКС ұйымының әлем халқының жартысына жуығын қамтып, жаһандық ішкі жалпы өнімнің шамамен 40 пайызын құрайтынын айтты. Осыған байланысты ұйымның халықаралық мәселелерді шешуге және мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға мүмкіндігі мол екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС әлеуетін толық пайдалану үшін халықаралық қоғамдастық алдында тұрған негізгі мәселелерді шешіп, ірі державалар арасындағы сенімді қалпына келтіру қажет екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы қазіргі кезеңде геосаяси қақтығыстардың күшеюі, милитаризацияның артуы, көпжақты институттардың әлсіреуі және сауда кедергілерінің көбеюі әлемдік тұрақтылыққа кері әсер етіп отырғанын айтты.

Президенттің сөзінше, өткен жылы қақтығыстардың салдарынан жаһандық экономика шамамен 22 триллион доллар шығынға ұшыраған. Бұл әлемдік ішкі жалпы өнімнің шамамен 10 пайызына тең.

Сонымен қатар ол аймақтық қақтығыстардың зардабы тек тараптармен шектелмей, халықаралық экономикаға да әсер етіп жатқанын атап өтті. Маңызды теңіз бағыттарындағы үзілістер жаһандық энергетика, азық-түлік қауіпсіздігі және сауда тізбектерінің осал тұстарын көрсеткен.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары