Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды

Тоқаев БРИКС саммитіне қатысу үшін Нью-Делиге барды
t.me/aqorda_resmi

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС-тің XVIII саммитіне қатысу үшін Үндістан астанасы Нью-Делиге барды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мемлекет басшысын әуежайдан Үндістан Үкіметінің ресми өкілдері қарсы алды.

Сапар барысында Қасым-Жомарт Тоқаев «БРИКС+» және «аутрич» форматында өтетін пленарлық отырысқа қатысып, сөз сөйлейді. Сондай-ақ Президент бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.