BASPASOZТолық нұсқа
Спорт

Тоқаев Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады

Дана Зарылханқызы
t.me/aqorda_resmi
Бөлісу Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаны АҚШ Ашық чемпионатындағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Президент өз құттықтауында Рыбакинаның бұл жетістігі әлемнің бірінші ракеткасы атағына лайық екенін тағы бір мәрте дәлелдегенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев теннисшінің жарыс барысында шеберлігі мен табандылығын көрсетіп, жоғары мәдениетімен көпшіліктің ықыласына бөленгенін айтты.

Құттықтауда: «Қазақстан халқы жетістіктеріңізді мақтан тұтады. Ерен жеңісіңіз жаңа белестерді бағындыруға жол ашсын!» – делінген.

Мемлекет басшысы Елена Рыбакинаның кәсібилігі Қазақстанның жас теннисшілері үшін үлгі екенін атап өтті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары