Тоқаев Германияға ресми сапармен барды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федералдық Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің шақыруымен Германияға ресми сапармен барды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Сапар барысында Мемлекет басшысы Берлинде Германия Президенті Франк-Вальтер Штайнмайермен және Федералдық Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізеді. Кездесулерде Қазақстан мен Германия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.
Сонымен қатар Президент Мюнхен қаласына барады. Онда Германияның жетекші компаниялары, қаржы және ғылыми-зерттеу институттарының басшыларымен, сондай-ақ жоғары оқу орындарының ректорларымен кездеседі.
Сапар бағдарламасында Берлинде өтетін бизнес-форумға және Мюнхендегі технологиялық бизнес-форумға қатысу да қарастырылған.