Тоқаев Оман Сұлтанын Астана әуежайынан қарсы алды
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен елге келген Оман Сұлтаны Хайсам бен Тарик Әл Саидты Астана әуежайында қарсы алды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Мәртебелі мейман мінген ұшақ Қазақстанның әуе кеңістігіне кірген сәттен бастап елордаға қонғанға дейін Әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары сүйемелдеді.
Әуежайда жоғары мәртебелі қонақтың құрметіне Құрмет қарауылы сап түзеп, Президент оркестрі салтанатты рәсімге қатысты.