Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сегіз мемлекеттің төтенше және өкілетті елшілері сенім грамоталарын табыстады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Мемлекет басшысына құжаттарын Мысыр елшісі Самех Шехата, Швейцария елшісі Кристина Хонеггер-Золотухин, Эстония елшісі Марье Лууп, Оман елшісі Салах Джабуб, Мажарстан елшісі Ференц Цомбош, Гвинея-Бисау елшісі Браима Эмбало, Нигерия елшісі Джозеф Олусола Иджи және Дания елшісі Ларс Туесен тапсырды.