Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинге құттықтау жеделхатын жолдап, ҚХР-дың құрылғанына 77 жыл толуымен құттықтады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Президент жеделхатында бұл күннің Қытай тарихындағы маңызына тоқталып, елдің экономикалық даму, ғылым, технология, инновация және цифрлық экономика салаларындағы жетістіктерін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай арасындағы достық пен тату көршілікке негізделген жан-жақты стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы биыл Шанхайда өткен кездесудің екі ел арасындағы өзара ықпалдастықты одан әрі нығайтып, көпжақты ынтымақтастықты кеңейтуге жаңа мүмкіндік бергенін атап өтті.
Жеделхат соңында Президент Си Цзиньпинге мемлекеттік қызметінде табыс, ал Қытай халқына бақ-береке тіледі.