BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды

Ақбарыс Жолшыбай
Фото: Ақорда
Бөлісу Telegram

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Түрікменстанға барды, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Мемлекет басшысын әуежайда Түрікменстан Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередов қарсы алды.

Ақорда мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаев 8-9 қазан күндері Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтің шақыруымен Авазада өтетін бірқатар халықаралық жиынға қатысады.

Сапар бағдарламасына Орталық Азия мемлекеттері мен Әзербайжан басшыларының сегізінші Консультативтік кездесуі, ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысы және Каспий экологиялық саммиті енгізілген.

Ақбарыс Жолшыбай
Автордың басқа материалдары