BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Тоқаев Үндістан Премьер-министрін туған күнімен құттықтады

Дана Зарылханқызы
Бөлісу Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Премьер-министрі Нарендра Модиге туған күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Президент Үндістанның Моди басшылығымен экономикалық өсім, тұрақты даму және ғылыми-технологиялық әлеует бағыттарында жаһандық көшбасшылардың біріне айналып келе жатқанын атап өтті.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Делиде өткен БРИКС саммиті кезіндегі Үндістан Үкіметінің көрсеткен қонақжайлығы мен сый-құрметіне алғыс білдірді.

Мемлекет басшысы Нарендра Модимен екіжақты кездесудің нәтижелі болғанын атап өтіп, Үндістан Премьер-министрін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

Жеделхат соңында Президент Нарендра Модиге мемлекеттік қызметінде табыс, ал Үндістан халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары