Тоқаевқа жасанды интеллект саласындағы жаңа жобалар таныстырылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев AI & Digital Bridge 2026 халықаралық ІТ форумы аясында ұйымдастырылған жасанды интеллект, цифрлық технологиялар және роботты техника саласындағы перспективті жобалар көрмесін аралады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Мемлекет басшысына Qazaq AI Research University базасында әзірленген AI-Enabled University моделі, Trusted Kazakhstan және ALFA жобалары таныстырылды. Сондай-ақ Aitu ұлттық мессенджерінің жаңа мүмкіндіктері көрсетілді.
Көрмеде «Самұрық-Қазына» қоры мен Higgsfieldai компаниясының интеллектуалдық шешімдері де ұсынылды. Бұдан бөлек, «Деректерді өңдеу орталығы алқабын» дамытуға бағытталған жоспарлар таныстырылды.
Ұсынылған жобалар жасанды интеллект технологияларын экономика мен мемлекеттік басқарудың түрлі салаларына енгізуге, отандық цифрлық инфрақұрылымды дамытуға бағытталған. Сонымен қатар бұл бастамалар Қазақстанның өңірлік технологиялық хаб ретіндегі орнын нығайтуды көздейді.