Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхенде жалғасады
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға ресми сапары Мюнхен қаласында жалғасады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.
Бүгін Мемлекет басшысы Бавария Үкіметі мен Ландтаг басшылығымен, сондай-ақ бірқатар бизнес-құрылым өкілдерімен кездесулер өткізеді.
Кездесулер барысында Қазақстан мен Бавария арасындағы ынтымақтастықты дамыту, соның ішінде сауда-экономикалық, инвестициялық және технологиялық байланыстарды нығайту мәселелері талқыланады деп жоспарланған.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Бавария технологиялық форумының ашылу рәсіміне қатысады.