BASPASOZТолық нұсқа
Қоғам

Трамп Қазақстанды Тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Дана Зарылханқызы
ЖИ арқылы жасалған
Бөлісу Telegram

АҚШ Президенті Дональд Трамп Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты ел Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Құттықтау хатында АҚШ басшысы Қазақстан халқының тәуелсіздік жылдарында елдің мәдениеті мен тарихи мұрасын сақтап, дамытуға ерекше мән беретінін атап өтті.

Дональд Трамп Қазақстан мен АҚШ арасындағы кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің маңызын жоғары бағалайтынын жеткізді. Сондай-ақ екі ел арасындағы қалыптасқан берік байланысты алдағы уақытта одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты.

«Қазақстан халқының бағына орай, Сіз сияқты тегеурінді әрі батыл көшбасшысы бар», – деп жазды АҚШ Президенті.

Дональд Трамп Қазақстанның айтулы мерекесін ел халқымен бірге атап өтудің өзі үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары