Үкімет Аппараты қызметкерлері EXPO аумағына ағаш отырғызды

Үкімет Аппараты қызметкерлері EXPO аумағына ағаш отырғызды
primeminister.kz

Премьер-министр мен вице-премьерлер бастаған Үкімет Аппаратының қызметкерлері EXPO аумағында өткен экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылды. Акция барысында қатысушылар аумақты көгалдандыру жұмыстарына атсалысып, ағаш көшеттерін отырғызды.

«Таза Қазақстан» экологиялық қозғалысы қоршаған ортаны қорғау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.