BASPASOZТолық нұсқа
Саясат

Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту жұмыстары талқыланды

Дана Зарылханқызы
primeminister.kz
Бөлісу Telegram

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен Ұлттық білім беру деректер қорын жаңғырту мәселесіне арналған кеңес өтті, деп хабарлайды Baspasoz.kz.

Жиында Оқу-ағарту министрі мен «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы деректер қорын жаңарту және оның негізінде Ұлттық білім беру платформасын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.

Сонымен қатар Шымкент қаласы, Түркістан, Ақтөбе және Алматы облыстары әкімдерінің орынбасарлары өңірлердегі білім беру ұйымдарын цифрландыру барысын таныстырды.

Жаңартылған жүйе арқылы 1-сыныпқа қабылдау үшін 490 мыңнан астам өтініш онлайн түрде қабылданған. Ал техникалық және кәсіптік, сондай-ақ орта білімнен кейінгі ұйымдарға құжат қабылдау процесі толық автоматтандырылды. Соның нәтижесінде колледждерге 220 мыңнан астам талапкер қабылданды.

Нұрлыбек Нәлібаевтың айтуынша, Ұлттық білім беру платформасын енгізу мемлекеттік қызметтерді цифрландырумен қатар, бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік береді. Үнемделген қаржыны білім беру саласының өзге де қажеттіліктеріне бағыттау жоспарланып отыр.

Кеңес соңында жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берілді.

Дана Зарылханқызы
Автордың басқа материалдары